Азақстан және әлем жаңалықтары

Басты хабар.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға жасаған жұмыс сапары аясында «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорына» барды. Президентке қордың 8 айда атқарылған қызметі мен алдағы уақытта іске асырылатын даму жоспары баяндалды.

Мемлекет басшысына қордың биылғы 8 айда атқарған жұмысы мен іске асырған жобалары, сондай-ақ оны одан әрі дамыту жоспары жөнінде есеп берілді.

Президенттің жұмыс сапары Алматы облысында жалғасты. Нұрсұлтан Назарбаев Қарасай батыр ауданы Райымбек ауылында орналасқан «Батыр бабаларға тағзым» мемориалдық кешенін көрді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласы мен Алматы облысына жұмыс сапары барысында әуелі шаһарда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жаңадан салынған бірқатар нысанды аралап, олардың жұмысымен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаев Қарасай ауданындағы денешынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысымен танысты. Қазақстан Президентіне бұл нысанның құрылысы жеке қаражат есебінен жүргізіліп жатқаны мәлімделді.